Жаңалықтар
Олимпиада рейтингі жаңарды
Бүкіләлемдік таэквондо федерациясы спортшылардың олимпиадалық рейтингін жаңартты. Оған сәйкес, қазақстандық екі таэквондошы үздік 16 спортшының қатарынан көрінді. Атап айтқанда, 80 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Смайыл Дүйсебай 182,44 ұпаймен үздіктер санатының 13-сатысында тұр. Қандасымыз – жазғы Универсиада ойындарының күміс жүлдегері. Халықаралық додаларда топ жарып жүр. Ал, Рио Олимпиадасында еліміздің көк байрағын ұстап шыққан Руслан Жапаров 171,16 ұпаймен 14-орынға жайғасқан.