Грек-рим күресі
Қазақстандағы еркін және грек-рим күресінің даму тарихы
Қазақстан жері – даңқы қазақ даласын жер жарған хас батырларды дүниеге әкелген киелі мекен. Халық аңыздары мен ертегілерінен бала күнімізден түрлі тартыста бел сыбанып күштерін сынаған жас палуандардың жекпе-жектері туралы оқып келеміз. Ешқандай қарусыз палуандар бір-бірінің жауырынын жерге тигізу үшін арпалысқан. Қазақтың бірде-бір сауық кеші палуандар күресінсіз және ойнап жүріп мүмкін емес алып заттарды көтеретін баһадүрлердің өнерінсіз елестету мүмкін болмаған.
Әсіресе баһадүрлік өнерден Қазақстан тарихында Балуан Шолақтың алатын орны ерекше. Талантты жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырған бірден – бір талант иесі бұл. Кәсіби күреспен Балуан Шолақ айналысқан емес. Оны бәрінен бұрын өзінің алпауыт күшін көрсете алатындығы қызықтырған. Дәл осы қазақстандық алып күш иесі Балуан Шолаққа ресми емес түрде тіркелген 816 келі тиесілі.
Тұңғыш кәсіби палуан ретінде қазақ халқы Қажымұқан Мұңайтпасовты пір тұтады. Спортшының еншісінде халықаралық дәрежедегі көптеген медальдар бар. Әлемдік біріншіліктердің барлығында Қажымұқан өзінің жеңістерімен дүр сілкіндіретін. Мұңайтпасов қажырлы еңбектерінің арқасында қолы жеткен жетістіктерінің үшін «»Қазақ халқының батыры» атағына ие болды.
Қажымұқан Мұңайтпасов қазақстандықтардың халықаралық дәрежеде күреспен айналысуына жол көрсетті. Кеңес одағының құрамасында жүрген қазақ палуандары Мұңайтпасовтың ізін басты. 40-шы жылдары күрес (еркін және грек-рим) Қазақстанда спорттың түрі ретінде кеңінен дами бастады. Көп ұзамай 1947 жылы біздің еліміздің өкілдері грек-рим күресінен болған бүкілодақтық чемпионатқа қатысты. Қазақ даласының жарқын палуандарының бірі Қайрат Байдосов сол кезде бірінші болып ССРО спорт шебері атағына қол жеткізді. Дәл сол кезде қазақстандық палуандар әлемдік күрес элитасына енді.
1964 жылы грек-рим күресінен Қазақстанның тұңғыш олимпиадалық чемпионы және ССРО еңбегі сіңген спорт шебері атағын Анатолий Колесов олжалады. Дәл Колесовтың алтын медалінің арқасында Қазақстанның медальдар қоржыны жылдам майлана түсті. Бүкіл жер шарын шарлаған қазақ палуандарының қанжығасы олжасыз қалған емес. Біздің спортшылар жыл сайынғы турнирлерде, оған қоса еуропалық, азиадалық біріншіліктерде, Олимпиадалық және әлем чемпионаттарында мүмкін емес рекордтарға қол жеткізді. Сонымен бірнеше дүркін жүлделер мен олимпиаданың жеңімпаздары атанған палуандарымыз келесідей: Валерий Резанцев, Жақсылык Үшкемпіров, Шәміл Серіков, Анатолий Назаренко, Игорь Ростоцкий, Дәулет Тұрлыханов, Юрий Мельниченко, Мәулен Мамыров.
Алғашқы жиырма бірінші жүздылық қазақ палуандарының Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттары, Еуропа және Азия чемпионаттарында жарқын өнерімен көзге түсіп, Отанымыздың мәртебесін асқақтатқан нәтижелерге толы болды.