Жаңалықтар

Астаналық Әлихан Мәулет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

2026 жылдың 12–15 қараша күндері Қытай Халық Республикасының Нанкин қаласында батуттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты және жас ерекшеліктері бойынша әлем біріншілігі өтуде. Байрақты бәсекеге әлемнің 43 елінен 951 спортшы қатысуда.

Астана қаласының спортшысы Әлихан Мәулет әлемдік додада күміс медаль жеңіп алды.

Спортшы 17–21 жас санатында қос мини-трамп (Double Mini-Trampoline) бағдарламасы бойынша өнер көрсетіп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Астаналық спортшымызды және жаттықтырушылар құрамын тамаша нәтижесімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button