Жаңалықтар
Елордалық таеквондошылар ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

2026 жылдың 1–8 қараша күндері Алматы қаласында таеквондо WT спорт түрінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 350-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Тартысты өткен жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
🥇 Қазақстан чемпионы:
Айда Таукенова — 67 келіге дейін.
🥈 Күміс жүлдегерлер:
Дария Манасқызы — 73 келіден жоғары;
Дарын Манасұлы — 87 келіге дейін.
🥉 Қола жүлдегерлер:
Тоғжан Қазнабек — 57 келіге дейін;
Нұрай Қазнабек — 62 келіге дейін;
Евгения Каимова — 73 келіден жоғары.
Спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларын жетістіктерімен құттықтаймыз!






