Жаңалықтар
Рамазан Әйнегов жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

2026 жылдың 31 қазан- 13 қараша күндері Сенегалдың Дакар қаласында IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы өтіп жатыр.
Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшысы Рамазан Әйнегов триатлоннан жоғары нәтиже көрсетіп, қола медаль жеңіп алды.
Ел намысын қорғаған спортшымыз жарыс жолын 53 минут 27 секундта аяқтап, жапониялық Дайки Нисидзакимен бірдей нәтиже көрсетіп, үшінші орынды бөлісті.
Жарыста Португалия өкілі Артур Гашпар 53 минут 13 секунд нәтижесімен алтын медаль иеленсе, Люксембург спортшысы Эмиль Ванолст 53 минут 23 секунд көрсеткішімен күміс жүлдегер атанды.
Осылайша Рамазан Әйнегов Қазақстан құрамасының қоржынына жасөспірімдер Олимпиадасындағы екінші медальді салды.
Спортшымызды және оның жаттықтырушыларын жетістігімен құттықтаймыз!




