Жаңалықтар
Елордалық құсбегі халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды

2026 жылдың 19–21 қазан күндері Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Айдарлы ауылында Мәсіп Батырханұлы атындағы «Қансонар – 2026» халықаралық құсбегілік турнирі өтті.
Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Түркия, Моңғолия және Ресейден келген құсбегілер қатысты.
Үш күнге созылған додада 75 қыран бақ сынап, бүркіт, ителгі және қаршыға салудан үздіктер анықталды.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының өкілі Ерасыл Серікбекұлы қаршыға салудан II орын алып, күміс жүлдеге ие болды.
Елордалық құсбегімізді жүлделі нәтижесімен құттықтаймыз!




