Жаңалықтар

Елордалық мәнерлеп сырғанаушылар ел біріншілігінде жүлделі орындардан көрінді

2026 жылдың 19–22 қазан күндері Шымкент қаласында мәнерлеп сырғанаудан балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, олимпиадалық резервтің мамандандырылған спорт мектептері, жоғары спорт шеберлігі мектептері және спорт клубтары арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ел біріншілігінде Астана қаласының спортшылары табысты өнер көрсетіп, 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

🥇 Карина Шеина — спорт шеберіне үміткерлер арасында (қыздар), 1-орын;

🥈 Нурия Сулеймен — спорт шеберлері арасында (әйелдер), 2-орын;

🥈 Ералы Шахимурат — спорт шеберіне үміткерлер арасында (ұлдар), 2-орын;

🥉 Айару Кожагельды — спорт шеберіне үміткерлер арасында (қыздар), 3-орын.

Елордалық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын жүлделі нәтижелерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button