Жаңалықтар

Елордалық спортшылар нысана көздеуден ел біріншілігінде табысты өнер көрсетті

2026 жылдың 6–12 қазан күндері Шымкент қаласында 2008 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында нысана көздеуден жеке-командалық Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ел біріншілігіне еліміздің 9 өңірінен 163 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 3 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алып, жоғары нәтиже көрсетті.

Жүлдегерлер:

🥇 Алтын медаль:

* Кашкимбаев Аят, Ушкемпиров Жансерик, Мухамеджанов Асанали — МВ-9, командалық сайыс;
* Ердембек Тамерлан — ПП-3, жеке сайыс;
* Қошқарбай Інжу, Ердембек Анель, Сеидгапбарова Мадина — ПП-3, командалық сайыс.

🥈 Күміс медаль:

* Кашкимбаев Аят, Ушкемпиров Жансерик, Мухамеджанов Асанали — МВ-5, командалық сайыс;
* Кашкимбаев Аят, Мухамеджанов Асанали, Оразбай Даниал — ВП-6, командалық сайыс;
* Қошқарбай Інжу — ПП-3, жеке сайыс;
* Қошқарбай Інжу, Ердембек Анель, Сеидгапбарова Мадина — МП-5, командалық сайыс.

🥉 Қола медаль:

* * Жанғұтты Нагида, Раимбекова Инкар, Төлеу Сезім — МВ-9 және ВП-6, командалық сайыстар;
* Оразбай Даниал — МВ-9, жеке сайыс;
* Ердембек Анель — МП-5, жеке сайыс;
* Кашкимбаев Аят, Жангутты Нагида — ВП-6-ПС;
* Жанғұтты Нагида, Раимбекова Инкар, Садовник Анастасия — МВ-5, командалық сайыс

Спортшыларымыз бен бапкерлер құрамын жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button