Елордалық спортшы Юлия Путинцева – Азия ойындарының қола жүлдегері

Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында теннистен жарыстар жалғасуда.
Әйелдер арасындағы жекелей сында елордалық спортшы Юлия Путинцева жартылай финалда Қытай өкілі Шуай Чжанмен кездесті. Тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші 4:6, 2:6 есебімен есе жіберіп, жарыстың қола жүлдесін иеленді.
Юлия Путинцева Азия ойындарында әйелдер арасындағы жекелей сында Қазақстан тарихындағы жүлдеге ие болған алғашқы теннисші атанды.
Юлия Путинцеваның Азия ойындарындағы жарыс жолы:
• Юлия Путинцева (Қазақстан) – Ушна Сухаил (Пәкістан) – 6:1, 6:0
* Юлия Путинцева (Қазақстан) – Я-И Янг (Қытай Тайбэйі) – 6:3, 6:1
* Юлия Путинцева (Қазақстан) – Мананчая Савангкаев (Таиланд) – 6:3, 6:0
* Жартылай финал, Юлия Путинцева (Қазақстан) – Шуай Чжан (Қытай) – 4:6, 2:6
Елордалық спортшыны Азия ойындарының қола жүлдесімен құттықтаймыз!




