Жаңалықтар

Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионаты: Астана спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді

2026 жылдың 15–19 қыркүйек күндері Атырау қаласында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Ел біріншілігіне Қазақстанның 20 облысы мен қаласынан 260 спортшы қатысып, мергендік шеберліктерін ортаға салды.

Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, бірнеше жүлделі орынға ие болды.

🥇 Тарыца Анжела — «Пута» нысанасы, 60 метр;

🥈 Қанат Қасымхан — «Пута» нысанасы, 70 метр;

🥈 Қанат Абылайхан — «Қалқан» нысанасы, 50 метр;

🥈 Тарыца Анжела — «Қалқан» нысанасы, 50 метр;

🥈 Тарыца Анжела — Орта Азия нысанасы, 40 метр.

Сонымен қатар, чемпионаттың жалпыкомандалық есебінде Астана қаласының құрамасы III орынға ие болды.

Астаналық спортшыларды және жаттықтырушыларын жүлделі нәтижелерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button