Жаңалықтар

Айкөркем Батихан – «Altyn Orda» әлем кубогының екі дүркін жеңімпазы

2026 жылдың 11–15 қыркүйек күндері Атырау қаласында дәстүрлі садақ атудан «ALTYN ORDA» Әлем кубогы – 2026 халықаралық жарысы өтті.

Додаға әлемнің 20 елінен 100-ден астам үздік садақшы, сондай-ақ елімізден 100-ге жуық мерген қатысып, дәстүрлі садақ атудан шеберліктерін сынады.

Халықаралық бәсекеде Астана қаласының мергені Айкөркем Батихан екі нысана бойынша топ жарып, 2 алтын медаль иеленді.

🥇 Пута – 60 метр
🥇 Қалқан – 50 метр

Айкөркемді және оның бапкерлерін жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button