Жаңалықтар

Астаналық таеквондошылар ел біріншілігінде үздіктер қатарынан көрінді

2026 жылдың 4–7 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында таеквондо WT-дан 21 жасқа дейінгі спортшылар (U21) арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Ел біріншілігінде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жеке есепте екі алтын және үш қола медаль жеңіп алды.

Атап айтқанда:

* Ыдырыс Алтыншаш – +73 кг салмақта І орын 🥇;
* Таукенова Аида – 67 кг салмақта І орын 🥇;
* Манасұлы Дарын – 87 кг салмақта ІІІ орын 🥉;
* Манасқызы Дария – +73 кг салмақта ІІІ орын 🥉;
* Құрманова Адиля – 67 кг салмақта ІІІ орын 🥉.

Сонымен қатар, командалық есепте Астана қаласының құрамасы ІІ орын иеленді.

Астаналық спортшыларды және жаттықтырушылар құрамын жеңістерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button