Жаңалықтар

Астана құрамасы бес асықтан ел чемпионатында жеңімпаз атанды

Өскемен қаласында 31 шілде – 3 тамыз күндері 2006–2009 жылдары туған жастар арасында асық атудан Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша бес асықтан Астана қаласының қыздар құрамасы 1-орын иеленіп, чемпион атанды. Елорда намысын Әуелбаева Назерке,Жақыпбек Аружан, Серік Кәусар қорғады.

Ал асық атудан ұлдар командасы 4-орынға тұрақтады. Команда құрамында Өркенбай Тілеген, Хамитов Аллажар және Тағыберген Дамир өнер көрсетті.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button