Жаңалықтар
Астаналық триатлоншылар Еуропа кубогында күміс жүлдеге ие болды

2026 жылдың 18–19 шілде күндері Румынияның Изворани қаласында триатлоннан юниорлар арасындағы Еуропа кубогы өтті. 14 елден келген 85 спортшы бақ сынаған халықаралық додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетті.
Жарыстың соңғы күнінде өткен аралас эстафетада Қазақстан құрамасы күміс жүлдені жеңіп алды. Команда сапында елордалық спортшылар Нұрмұхамет Алуа мен Диана Ержанова өнер көрсетті.
🥇 1-орын – Румыния
🥈 2-орын – Қазақстан
🥉 3-орын – Түркия
Айта кетейік, кеше, жарыстың алғашқы күнінде елордалық триатлоншы Диана Ержанова суперспринт қашықтығында қарсыластарынан озып шығып, Еуропа кубогының жеңімпазы атанған болатын.






