Астана триатлоншылары Қазақстан чемпионатында топ жарды

2026 жылдың 6–7 маусым күндері Петропавл қаласында триатлоннан аралас эстафета бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа Elite, U19 және U15 санаттарындағы еліміздің үздік спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Чемпионат қорытындысы бойынша Elite санатында елордалық команда Қазақстан чемпионы атанды. Команда құрамында Нұрмұхамет Алуа, Айнегов Рамазан, Ержанова Диана және Маралбеков Әлінаби өнер көрсетіп, жарыстың алтын медалін жеңіп алды.
U19 жас санатында да Астана құрамасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Чемпиондар қатарында Ким Аида, Пяк Яромир, Мақұлжанова Медина және Пильтяев Владимир бар.
Ал U15 санатында елордалық спортшылар күміс жүлдеге ие болды. Команда құрамында Укошева Айым, Исмаилбаев Хайдар, Серикова Динара және Павлов Матвей жарыс жолына шығып, өнер көрсетті.




