Жаңалықтар

Астана спортшылары спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан чемпионатында жүлделі болды

15–17 мамыр күндері Алматы қаласында спорттық құзға өрмелеуден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елордалық спортшылар жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

«Боулдеринг» дисциплинасы бойынша:
🥇 Зарина Агылманова — 1 орын
🥉 Вера Ким — 3 орын

Сондай-ақ, «боулдеринг» дисциплинасы бойынша Астана қаласының құрамасы 🥈 2 орын иеленді.

Айта кетейік, Астана қаласының спорттық құзға өрмелеуден аға жаттықтырушысы Асель Марленова да жарыста сәтті өнер көрсетіп, 🥉 3 орынға ие болды.

Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button