Жаңалықтар

Астана таеквондошылары Қазақстан чемпионатында жүлдеге ие болды

11–15 мамыр күндері Өскемен қаласында таеквондодан (WT) жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, алтын және қола медаль жеңіп алды.

🥇 Қыздар арасында 55 келі салмақ дәрежесінде София Зайтдинова чемпион атанды.

🥉 Ұлдар арасында +65 келіде Данис Нұрымбетов қола жүлдеге ие болды.

Елордалық спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын жеңістерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button