Жаңалықтар

Астана балуандары Қазақстан кубогінде жүлделі орындарға ие болды

Алматы қаласында 2026 жылдың 9–14 мамыр күндері грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті.

Елдің үздік балуандары бас қосқан байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда:

🥇 67 келі салмақ дәрежесінде Сабаз Бағдат чемпион атанды.

🥉 60 келі салмақ дәрежесінде Айбек Айтбеков қола жүлдеге ие болды.

🥉 97 келі салмақ дәрежесінде Қуаныш Бағлан үздік үштіктен көрінді.

🥉 55 келі салмақ дәрежесінде Марлан Мұқашев қола медаль жеңіп алды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button