Жаңалықтар
“Елік сай – 2026”: Астана құрамасы командалық есепте көш бастады

Алматы облысында дәстүрлі садақ атудан “Елік сай жүлдесі – 2026” атты ашық турнир өтті.
Аталған жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстанның 15 өңірінен келген спортшылар қатысып, жалпы саны 160 мерген бақ сынады.
Тартысты додада Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Батихан Айкөркем — Пута нысанасы бойынша 1 орын
🥉 Астана қаласының аға жаттықтырушысы Ахметов Диас — Пута нысанасы бойынша 3 орын
🥉 Ахметов Диас — Қалқан нысанасы бойынша 3 орын
Сонымен қатар, командалық есепте Астана құрамасы 🥇 1 орынды иеленді.




