Жаңалықтар
Нұржан Батырбеков Азия жағажай ойындарының финалына шықты

Астана қаласының спортшысы, Қазақстан құрамасының джиу-джитсу шебері Нұржан Батырбеков 2026 жылы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан Азия жағажай ойындарының финалына жолдама алды.
69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда жерлесіміз Сингапур өкілі Ноа Тянь Рун Лимді жеңіп, шешуші кезеңге өтті.
Енді Нұржан Батырбеков алтын медаль үшін Оңтүстік Корея спортшысы Ли Джэёнмен сынға түседі.
Финалдық кездесу бүгін Астана уақытымен сағат 11:30-да өтеді.
Елорда спортшысына сәттілік тілейміз!





