Жаңалықтар
Халықаралық турнирде астаналық спортшылар күміс жүлде жеңіп алды

2026 жылдың 26–30 наурыз күндері Францияның Париж қаласында артистік жүзуден (синхронды жүзу) Әлем кубогының 2-кезеңі өтті. Дүбірлі додаға 27 елден 188 спортшы қатысты.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен астаналық спортшылар Рамазанов Алдияр мен Исламова Ясмина микс дуэттің техникалық бағдарламасында жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды.
Астаналық спортшыларды жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!





