Жаңалықтар
Тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатында Астана құрамасы табысты өнер көрсетті

2026 жылдың 19–29 наурыз күндері Атырау қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен юниорлар арасында жекелей Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Зияткерлік додада еліміздің үздік жас спортшылары бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары екі күміс медаль иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.
🥈 Садыкова Медина – рапид, 17 жас, қыздар
🥈 Дашоев Туран – блиц, 17 жас, ұлдар






