Астаналық мергендер Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болды

2026 жылдың 18–22 наурыз күндері Түркістан облысы, Түркістан қаласындағы «Атшабар» көпфункционалды спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты өтті.
Халықаралық деңгейдегі жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Үндістан, Солтүстік Кипр, Түркия, Өзбекстан, Ресей және Тайланд елдерінен келген спортшылар қатысты. Жалпы саны 10 мемлекеттен 110-ға жуық мерген бақ сынады. Чемпионатқа 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер қатысты.
Жарыс үш бағыт бойынша өтті:
* Пута нысанасы (9 оқ, 7 мүмкіндік)
* Орта Азия нысанасы (7 оқ, 9 мүмкіндік)
* Жамбы нысанасы (5 оқ, 5 мүмкіндік)
Барлық қатысушылар аталған үш нысана бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының мергендері жүлделі орындарға ие болды.
Орта Азия нысанасы бойынша:
🥇 Сабыржан Фариза – 1 орын
Жамбы нысанасы бойынша:
🥈 Батихан Айкөркем – 2 орын
Пута нысанасы бойынша:
🥈 Сабыржан Фариза – 2 орын
🥉 Батихан Айкөркем – 3 орын
🥉 Қанат Қасымхан – 3 орын





