Жаңалықтар

Астаналық балуандар Қазақстан чемпионатында топ жарды

Тараз қаласында өткен U15 жас ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында Астана қаласының спортшылары әйелдер күресі мен еркін күрестен жоғары нәтиже көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша елордалық балуандар екі алтын және бір қола медаль иеленді.

44 келі салмақ дәрежесінде Астана қаласының спортшысы Бектөре Заманбек финалда Алматы қаласының спортшысы Нұрдәулет Бекбергенді айқын басымдықпен жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

50 келі салмақта астаналық балуан Джамиля Мехдиева шешуші белдесуде Шымкент қаласының өкілі Жәудір Бақытты туше әдісімен жеңіп, алтын медальға қол жеткізді.

Ал 58 келі салмақта Дилара Баяндина үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге ие болды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button