Жаңалықтар

Тарихи жеңіс: Астаналық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

2026 жылдың 14 наурыз күні Қытайдың Гонконг қаласында триатлоннан U19 жас санатындағы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Азия елдерінің үздік жас спортшылары бақ сынады.

Аталмыш жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

🥇 Ержанова Диана — спринт қашықтығында 1-орын иеленіп, жарысты 01:01:59 нәтижесімен аяқтады.
🥉 Айнегов Рамазан — спринт қашықтығында 3-орын алып, 55:39 уақыт көрсеткішін тіркеді.

Айта кетерлігі, Диана Ержанова бұл жарыста тарихи нәтижеге қол жеткізді. Ол Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында триатлоннан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған алғашқы қазақстандық юниор қыз атанып, ел спорты тарихына есімін жазды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button