Астанада Референдумды қолдауға арналған жаппай жүгіру өтті

12 наурыз күні Астана қаласындағы Ботаникалық бақ аумағында Референдумды қолдау мақсатында жаппай жүгіру шарасы ұйымдастырылды. Спорттық акцияға шамамен 2000-ға жуық спортшы мен жастар қатысып, салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар маңызды қоғамдық бастаманы қолдады.
Іс-шараға Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит, Астана қаласы мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм, грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері Мерей Мәулетқанов, сондай-ақ Астана қаласының спортты дамыту дирекциясының спортшылары, жаттықтырушылары мен қызметкерлері қатысты.
Жүгіру бағдарламасы бойынша қатысушылар 2,5 және 5 шақырым қашықтықтарды бағындырды. Шара барысында спортшылар мен жастар белсенділік танытып, бірлік пен азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Айта кетейік, Конституцияға енгізілетін өзгерістерге байланысты республикалық референдум 15 наурыз күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.






