Астанада көркем гимнастикадан FIG Alem Cup 2026 халықаралық турнирі өтті

2026 жылдың 7–10 наурыз күндері Астана қаласында көркем гимнастикадан FIG ALEM CUP 2026 халықаралық турнирі өтті. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Канада, Италия, Қырғызстаннан келген үздік спортшылар қатысып, жалпы саны 150 гимнаст жүлделерді сарапқа салды.
Аталған жарыста Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, түрлі бағдарлама бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық гимнастардың нәтижелері:
Ерекешева Ақмарал
🥇Көпсайыс — 1 орын
🥇 Ұршық жаттығуы — 1 орын
🥇 Лента жаттығуы — 1 орын
🥈 Доп жаттығуы — 2 орын
🥉 Шеңбер жаттығуы — 3 орын
Рубцова Анна (юниор)
🥇Көпсайыс — 1 орын
🥇 Лента жаттығуы — 1 орын
🥈 Шеңбер жаттығуы — 1 орын
🥈 Ұршық жаттығуы — 2 орын
🥈 Доп жаттығуы — 2 орын
Мейржанова Айым
🥇 Доп жаттығуы — 1 орын
🥇 Шеңбер жаттығуы — 1 орын
🥈 Көпсайыс — 2 орын
🥉 Лента жаттығуы — 3 орын
Жайлауова Линара (юниор)
🥇 Шеңбер жаттығуы — 1 орын
🥇 Ұршық жаттығуы — 1 орын
🥈 Көпсайыс — 2 орын
🥉 Лента жаттығуы — 3 орын
Кушербаева Дария
🥉 Ұршық жаттығуы — 3 орын
Рысбек Айганым (юниор)
🥉Доп жаттығуы — 3 орын
Сонымен қатар, топтық жаттығулар бағдарламасында бас қала спортшылары — Куряченко Иллария, Қуаныш Құралай, Пристенная Екатерина, Бихерт Диана, Каиржанова Жасмина, Тютебаева Сабина құрамындағы команда 1-орынды иеленді.
Осылайша, астаналық спортшылар халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.





