Жаңалықтар

Астанада көркем гимнастикадан республикалық турнир өтті

2026 жылдың 7–10 наурыз күндері Астана қаласында көркем гимнастикадан республикалық турнир өтті. Елдің ең үздік спортшылары қатысқан жарыста гимнастар жеке бағдарлама және топтық жаттығулар бойынша бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеке бағдарламада елорда спортшыларының жүлделі орындары төменде көрсетілгендей:
🥇 Васильева Валерия – 1 орын
🥈 Березовская Ирэна – 2 орын
🥉 Ерлан Жания – 3 орын

Ал топтық жаттығулар бағдарламасында жоғары нәтиже көрсеткен Астана қаласының командасы турнирдің жеңімпазы атанып, 1-орынды иеленді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button