Жаңалықтар

Керлингтен ел чемпионатында астаналықтар жоғары нәтиже көрсетті

2026 жылдың 15–28 ақпан аралығында Астана қаласында керлингтен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыс Олимпиадалық даярлау орталығы «Сарыарқа» мұз айдынында ұйымдастырылды.

Ел біріншілігінде Астана қаласының құрамасы табысты өнер көрсетіп, бірнеше санатта жүлделі орындарға ие болды:

🥇 Аралас командалар – алтын медаль
🥇 Аралас жұптар – алтын медаль
🥈 Ерлер құрамасы – күміс медаль
🥈 Әйелдер құрамасы – күміс медаль

Астаналық керлингшілер өз алаңында жоғары дайындық деңгейін, үйлесімді командалық ойынды және тактикалық сауаттылықты көрсете білді.

Құраманы ел чемпионатындағы жарқын нәтижелерімен құттықтаймыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button