Жаңалықтар

Ашық халықаралық турнир

Ақтау қаласының «Маңғыстау Арена» спорт сарайында Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған юниорлар арасында грек-рим күресі бойынша Ашық халықаралық турнир өтті. Аталмыш жарыстың негізгі мақсаты халық арасында грек-рим күресін дамыту болып табылды. Турнирге Қазақстанның барлық аймақтарының, сонымен қатар Грузияның, Оңтүстік Кореяның, Әзірбайжанның, Венгрияның, Францияның, Ресейдің, Германияның, Қырғыстанның 200 аса спортшылары қатысты
«Толағай» ШВСМ спортшысы Мұхамедов Асаухат 63 кг.салмақтық дәрежеде Әзербайжан спортшысы Камран Мырзалиевке орын беріп күміс медаль иегері атанды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button