Жаңалықтар
Қазақстанның ерлер құрамасы Boxam Elite турнирінде табысты өнер көрсетті

Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite халықаралық турнирінде Қазақстанның ерлер құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама қоржынына 5 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль салды.
Биыл 40-рет ұйымдастырылған дәстүрлі турнирде Қазақстан, Украина және Англия құрамалары ең беделді қатысушылар қатарынан көрінді.
Алтын жүлдегерлер:
•🥇 Санжар Ташкенбай (50 кг)
•🥇 Махмуд Сабырхан (55 кг)
•🥇 Торехан Сабырхан (70 кг)
•🥇 Нурбек Оралбай (85 кг)
•🥇 Айбек Оралбай (+90 кг)
Күміс жүлдегерлер:
•🥈 Аман Қонысбеков (70 кг)
•🥈 Сағындық Тоғамбай (90 кг)
•🥈 Нұрасыл Асылхан (+90 кг)
Қола жүлдегерлер:
•🥉 Нұрзат Оңғаров (50 кг)
•🥉 Нұрбек Мұрсал (70 кг)
•🥉 Тимур Нұрсейітов (75 кг)
•🥉 Азамат Бектас (80 кг)



