Жаңалықтар

Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында үздік ондыққа енді

Мәнерлеп сырғанаудан Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Төрт құрлық чемпионатында әйелдер арасындағы еркін бағдарлама өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасының намысын қорғаған Софья Самоделкина еркін бағдарламада 120,22 ұпай жинады. Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша отандасымыз 182,51 ұпаймен 9-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, аталған чемпионатқа 17 елден 100-ге жуық спортшы қатысуда.

Спортшы Софья Самоделкинаға алдағы Милан Олимпиадасында сәттілік тілейміз!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button