Жаңалықтар
Таэквондодан (WT) Қазақстан Республикасы чемпионаты – 2025

2025 жылдың 19–22 желтоқсаны аралығында Шымкент қаласында өткен ересектер арасындағы таэквондодан (WT) Қазақстан Республикасы чемпионатыны өз мәресіне жетті. Ел біріншілігіне 17 облыс пен 3 қаладан 250-ге жуық спортшы қатысып, жүлделі орындар үшін өзара бақ сынады.
Жарыстың екінші күні әйелдер арасында –62 кг салмақ дәрежесінде Астана қаласының спортшылары жүлделі орындарға ие болды.
🥈 Аида Таукенова (Астана) – ІІ орын
🥉 Айша Әділбекқызы (Астана) – ІІІ орын
Чемпионаттың үшінші күні ерлер арасында -54 кг салмақ дәрежесінде Астана қаласының спортшысы Теміржан Тасқын жүлделі ІІІ орынды иеленді.




