Жаңалықтар

Шымкентте таеквондодан (WT) ел чемпионаты басталды

Шымкент қаласында таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігінің алғашқы жарыс күні қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

-57 кг салмақ дәрежесінде:
🥇 Тоғжан Қазынабек (Астана)
🥉 Нұрай Қазынабек (Астана)

-74 кг салмақ дәрежесінде:
🥉 Ануар Мұхаметкәрімов (Астана)

Айта кетейік, Тоғжан Қазынабек -57 кг салмақ дәрежесінде 2026 жылы өтетін Азия чемпионаты мен Азия ойындарына қатысуға жолдама алды.

Сондай-ақ, Ануар Мұхаметкәрімов пен Нұрай Қазынабек Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына қабылданды.

Ел біріншілігінде 17 облыс пен 3 қаладан 250-ге жуық спортшылар қатысып, бақ сынап жатыр. Бүгінгі жарыс күнінде Астаналық екі спортшымыз жартылай финалға жолдама алды. Жарыс әлі де жалғасуда.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button