Жаңалықтар
Қайсар қыздар Қарағандыда

2025 жылдың 15-20 желтоқсан күндері Қарағанды қаласында Ғ.Жарылғаповты еске алуға арналған әйелдер боксы бойынша республикалық турнир өтті. Еліміздің түрлі өңірлерінен қатысқан 15 командадан 71 спортшы шаршы алаңға шығып, тартысты жекпе-жектер өткізді.
Кіл мықтылар бақ сынасқан байрақты бәсекеде астаналық былғары қолғап шеберлері жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдеп, жүлделі орындардан көрінді:
🥈 Мархабай Зере
🥈 Шакимова Дарига
🥈 Ибрагимова Мерей
🥉 Бактубаева Томирис
🥉 Рысбай Назерке




