Жаңалықтар
Астана – жеңіс жолында

2025 жылдың 11–15 желтоқсаны аралығында Түркістан қаласында өткен әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасының 34-ші чемпионаты (Ұлттық лига) аясында елорда құрамасы «Тұран» командасына қарсы сырт алаңдағы ойындарын өткізді.
Тартысты өткен кездесулерде Астана қаласының құрамасы екі ойында да жеңіске жетіп, турнирлік кестедегі өз орнын нығайтты.
Айта кетейік, астаналық баскетболшы қыздар 16 желтоқсан күні Ақтау қаласында «Каспий» командасына қарсы кезекті ойындарын бастап, алғашқы кездесуде жеңіске жетті. Екінші ойын бүгін сағат 19:00-де өтеді.
Елорда намысын абыроймен қорғап жүрген баскетболшыларды жарқын жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!





