Жаңалықтар
Астаналық самбошылар Қазақстан Кубогін сәтті бастады

2025 жылдың 8 желтоқсанында Семей қаласында ересектер арасындағы спорттық самбо және жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасының Кубогі басталды. Биылғы додаға еліміздің қала, облыстарынан 16 команда, жалпы саны 300 спортшы қатысуда.
Астана спортшылары алғашқы күннен-ақ жоғары нәтижелер көрсетуде.
•Нүркен Мадина – 1 орын (54 кг, спорттық самбо)
•Қалдыбаева Анель – 3 орын (59 кг, спорттық самбо)
•Иманқұлов Рамазан – 3 орын (71 кг, спорттық самбо)
•Сейтенов Жандос – 3 орын (+98 кг, спорттық самбо)
•Сатмурза Батырғазы – 3 орын (53 кг, жауынгерлік самбо)
•Тайжанов Асхат – 3 орын (жауынгерлік самбо)
•Жақсылықов Нұрлан – 3 орын (79 кг, спорттық самбо)
Айта кетейік, жарыс 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Спортшыларымызға алдағы кездесулерде жеңіс тілейміз!





