Жаңалықтар
Санжар Матасов – бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қола жүлдегері

23 қазанда басталып Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшы, астаналық Санжар Матасов (75 кг) қола медаль иегері атанды.
Санжар жарысты сәтті бастап, жартылай финалға дейін жетті. Алайда шешуші кездесуде ол Өзбекстан спортшысы Диербек Муродилоевке төрешілер шешімімен есе жіберді.
Осылайша, елордалық спортшы құрлықтық додада Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
Айта кетейік, жарыс әлі жалғасуда.


