АСТАНАДА КИКБОКСИНГТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ
Елордада кикбоксингтен Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай республикалық турнир ұйымдастырылып жатыр.
Бесінші мәрте өткізіліп жатқан бәсекеге республикамыздың 16 өңірінен 562 қатысушы қатысып жатыр.
«Менің әкем халық қаһарманы, рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевпен бір жылы өмірге келген. Әкем осындай батыр ұмыт болмай, жас ұрпақ әрдайым есте болсын деген ниетпен жарыс өткізуді ұсынды. Сондықтан кезекті Республикалық додамыз 28-31 қазан күндері аралығында Beeline спорт кешенінде өтуде. Жалпы жарыс қорытындысы бойынша, 10 жеңімпаз анықталып, 100 мың теңгелік сертфикатқа ие болады. Сондай-ақ, жүлдегерлер Рақымжан Қошқарбаевтың бейнесі бейнеленген арнайы медальдармен марапатталатын болады», – деді жарыс ұйымдастырушысы Ернар Омаров.
Республикалық турнирде жастар,
кадеттер, кіші жасөспірімдер сынға түсуде. Ал одан бөлек, салтанатты ашылудан кейін К-1 әдісі бойынша 67, 71, 86, 91 келіде отандық, Өзбекстан мен Мароккодан келген спортшылар кештің көркін қоздырды.
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, елорда төріндегі республикалық турнир желтоқсан айында өтетін ел чемпионатына дайындықтың бір бөлігі ретінде саналады.