ЖҮЗУДЕН ХІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ РЕКОРД ОРНАТТЫ
ЖҮЗУДЕН ХІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ РЕКОРД ОРНАТТЫ
Су спорты түрлерінен Филиппиндегі Азия чемпионатында Астана қаласының спортшылары алғашқы жарыс күнінде құрлық біріншілігінің рекордын жаңартып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Сары құрлықтың бәсекесінде 3 жас ерекшелігі бойынша жүлделер сарапқа салынды: А тобы (18 жастан және жоғары), В тобы (15-17 жас), С тобы (14 жас және кіші).
🥇🏊♂🥈🇰🇿🥉 Бірінші жарыс күнінде жүзу және суға секіру бәсекесінде елордалық спортшылар алдына жан салмай алтыннан алқа тағынып, күміспен күптелді.
🆕 🥇🇰🇿 Атап айтқанда 15-17 жасар жастар арасында сынға түскен жерлесіміз Арсен Қожахметов аталған жарыстың рекордын орнатты. Ол жүзу жарысының В тобында 50 м брассты 28.26 секунд жүзіп өтіп Азия чемпионатының алғашқы рекордын жаңартып, жеңіс тұғырынан көрінді.
🆕 🥇🇰🇿 Қазақстан ерлер құрамасы В тобының аралас әдіс жүзу эстафетасында (4х100) жеңімпаз атанып қана қоймай, Азия чемпионатының рекордын жаңартты. Команда құрамы сапында Астаналық Арсен Қожахметов өнер көрсетті. Қазақстан ерлер құрамасының көрсеткіші 3:41.52.
🥈🇰🇿 Сондай-ақ, ерлер құрамасының құрамында өнер көрсеткен елордалық Арсен Қожахметов эстафета 4х100 метрге еркін әдіспен жүзуде күміс жүлдегер атанды.
🆕🥇🇰🇿 Кешенді жүзу жарысының А тобында ерлер арасында 100 метрге баттерфляй әдісімен сынға түскен елордалық Әділбек Мусин Азия чемпионатының рекордын жаңартты. Ол 52.21 секунд ішінде жүзіп өтіп, чемпион атанды.
Айта кетейік, жүзу жарысы 29 ақпанда, суға секіру сайысы 1 наурыз күні аяқталады. 2-6 наурыз аралығында үйлесімді жүзу ал, 3-9 наурыз аралығында су добынан жүлделер сарапқа салынады.