Жаңалықтар

Жас чемпиондар жарқырады: Астана командасы Қазақстан чемпионатында топ жарды

2025 жылдың 27–30 қарашасы аралығында Ақтау қаласында дзюдодан 2009–2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарысқа барлығы 839 жас балуан қатысып, күш сынасты.
Аралас-командалық жарыста Астана қаласы командалық біріншілікті иеленді 🥇
Айта кетейік, 2-орынды Қызылорда облысы жеңіп алса, жүлделі 3-орынды Маңғыстау және Түркістан облыс спортшылары еншіледі.
Кадеттер арасындағы жекелей сында астаналық спортшылардың нәтижесі:
•🥈 Мансұр Асемхан – 66 кг
•🥉 Ермұрат Нұрахметов – +90 кг
•🥉 Қонысбек Шыңғыс – 90 кг
•🥉 Әмина Сапарбек – 63 кг
•🥉 Сара Ғабитова – 70 кг

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button