Жаңалықтар
Жас балуандар додасы: елорда қоржыны 4 медальмен толықты

2026 жылдың 7–9 сәуірі аралығында Ақтау қаласында қазақ күресінен 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.
Еліміздің барлық өңірлерінен 800-ден астам спортшы жиналған байрақты бәсекеде жас балуандар 72 медаль мен 1 кубок жиынтығын сарапқа салуда.
Жарыстың алғашқы күні қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Алина Ерсейіт – 56 кг (қыздар)
🥈 Ерсаян Жарқынұлы – 50 кг (ұлдар)
🥉 Малика Қанапина – 56 кг (қыздар)
🥉 Адилет Тлеужанов – 82 кг (ұлдар)
Жарыс 9 сәуірге дейін жалғасады. Бүгін – белдесулердің екінші күні.





