Жаңалықтар

Жақсы басшы – елге құт!

 

 

 

 

Еліміздегі спорт саласы  жыл сайынғы жарқын жеңістері мен кемел жетістіктерінің нәтижесінде қарқынды дамып келе жатқандығы бәрімізге аян. Әрине, мұндай ілгерлеу қай салада болмасын, әр саланың «Елім» деген майталмандары мен жанашырларының сіңіріп жатқан еңбектері де басты назарда. Осы тұста, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінің өзінде-ақ, Әлемдік деңгейге дейінгі көптеген чемпиондар мен жүлдегерлер, сондай-ақ, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушыларының жұмыла жасап жатқан қажырлы еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Жалпы мектептің жарыс нәтижелерінен рейтингтік дәрежесін айтудың өзі бір төбе. Ал тілге тиек болған бұл мақаланың басты ерекшелігі – аталмыш мекеменің басшысы Данияров Бағдат Болатұлының «кез келген істің санынан, сапасы маңызды» ұстанымына сәйкес, қызметкерлерінің қалыпты жұмыс күнтізбесіндегі кездесетін қызықты фактілер мен тарихи сәттеріне көңіл аудару.

«Жақсы басшы – елге құт», демекші жоғары білікті, тәжірибелі, шығармашылығы кең басқарушы ғана, қызметтің заманауи технологиясын, теориясымен қатар практикасын еркін меңгере алады. Сайып келгенде, аталмыш спорт мектебі басшылығының қолдауымен ұжым және жаттықтырушыларының мектеп мұрағатында қалдырар қызықты, тарихи сәттері жетіп артылады десек артық емес. Мысалға, әр спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар спортшыларын ынталандыру мақсатында атағы жер жарған, кәсіби білікті спорт шеберлерінен сабақ алу үшін арнайы кездесулер ұйымдастырып, жас спортшылардың көкейкесті сауалдарын қанағаттандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, «Толағай» ЖСШМ ұйымдастыруымен дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының көшбасшысы Елдос Сметов елордалық жас дзюдошылармен кездесіп, шеберлік сабағын өткізді. Және де Қазақстан таеквондо федерациясы мен мектебіміздің жаттықтырушыларының ұйымдастыруымен таеквондо корей ұлттық спорты Эстон одағының негізін қалаушысы, қара белбеу 5 дан иегері, Қызылорда қаласының тумасы Михаил Кылвартпен жас спортшылар буыны арасында маңызды, тарихи кездесуі өтті. Сондай-ақ, мекеме әкімшілігі және жаттықтырушылары арасында волейболдан әсерлі жарыстың ұйымдастырылуы қызықты сәттің бірі болары сөзсіз. Спорт аясында әрбір атқарылған іс-шаралардың қай-қайсы болса да ертеңгі күнге – тарих.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button