Жаңалықтар

Валентина Хальзова – Азия чемпионатының қола жүлдегері

Бокстан Моңғолия астанасы Ұланбатырда Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.

Әлем чемпионы, 75 келідегі Валентина Хальзова 1/2 финалда Қытайдың тағы бір боксшысы Зи Баомен жұдырықтасты.

Тәжірибелі отандасымыз қашықтықта жұмыс істеп, қарсыласының әр шабуылын толықтай бақылау алуға тырысты. Ал Қытай боксшысы 3 раунд бойы тоқтаусыз шабуылда болды. Нәтижесінде төрешілер 3:1 есебімен жеңісті Зи Баоға берді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button