Жаңалықтар

Ұлттық теннис орталығында жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Бүгін «Beeline Arena» Ұлттық теннис орталығында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының өкілдері орталық ұжымымен, сондай-ақ спорт саласының қызметкерлерімен жәнк спорьшылармен кезлесті.

Спикерлер қатарында «AMANAT» партиясыАстана қалалық филиалының Экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кеңес мүшесіАсқар Абдразақов, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ Орталық аппаратының талдау және халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Сұлтанбек Құдабай және «AMANAT» партиясының Астана қаласы «Нұра» аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі Шыңғысхан Қожахметов болды.

Спикерлер жаңа Конституция жобасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті реттеу қарастырылғанын ерекше атап өтті. Заң спортшылардың, жаттықтырушылардың және ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін нақты белгілейді, бұқаралық және кәсіби спортты қолдауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар құқықтық базаны жетілдіру арқылы саланы тиімді басқару үшін жағдай жасайды.

Сондай ақ Шара барысында жаңа Конституция жобасының негізгі тұжырымдамалары мен олардың қоғам үшін практикалық мәні түсіндірілді. Қатысушылар сұрақтар қойып, ашық диалог форматында пікір алмасты.

Кездесу соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға жобаны ақпараттық тұрғыда түсіндіргені үшін алғысын білдіріп, қоғамның елдің болашағын қалыптастыруға және оның тұрақты дамуына әрі қарай белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button