Жаңалықтар

Уимблдон-2020 турнирінің жеңімпазы Елене елге оралды

 


Чемпионды күтіп алуға Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына, жақын туыстарынан бастап, дос-жаран мен жанкүйерлеріде тегіс жиналды.

Бүкіл әлемді өзіне қаратқан теннис шеберін күтіп алушылар қарасы қалың болды. Барлығы да тарихи сәтті текке жібергісі келмегендей.

Елена мінген ұшақтың Нұр-Сұлтанға қонғанын, әлем чемпионымен жүздесіп, тілдесудің сәтін БАҚ өкілдері де асыға күтті.

Күні кеше ғана, алты құрлықты аузына қаратып «Уимблдон-2022» әлемдік теннис турнирінің 23-ракеткасы атанған Елена Рыбакинаның рейсі елордалық әуежайға сағат 23:00-ден кейін қонды.

Әлемдік теннис турнирінің жеңімпазын Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев және әлемдік ареналарда ел намысын қорғап жүрген чемпиондарда құрмет қошеметпен қарсы алып, гүл шоқтарын сыйлады.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен қала әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев Еленаны тарихи жеңісімен құттықтап, ризашылықтарын білдірді.

Теннисші өзінің ізін басып келе жатқан болашақ чемпиондарға бірнеше қолтаңба қалдырып, журналистермен қысқа әңгімелесті.

«Ертең сағат 15:00 Ритз-Карлтонда барлық маңызды сұрақтарыңызға жауап беремін. Келгендеріңізге көп рахмет!», – деп қысқа қайырды Рыбакина.

Сондай – ақ қазақтың ұлттық тағамдары-қымыз бен бауырсақтан дәм татып, екі ішекті қасиетті қара домбыраның қоңыр үнінің куәсі болды.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон -2022» турнирінің жеңімпазы атанды.

Ойыннан кейін теннисші жеңіс үшін бар күшін салғанын айтып, мықты матч болғанын жеткізді. Сонымен қатар барша жанкүйерлерге алғысын білдірді.

«Осы жолы өз өнеріме ризамын, ең бастысы, сапалы ойнадым», – деді ол.

Үлкен жетістікке өзінің еңбегі арқасында жеткен чемпион қыздың еңбекқорлығы көпке үлгі.

Ертең елордада спортшыны бірнеше маңызды кездесу күтіп тұр.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button