Жаңалықтар

Түркістанда қазақ күресінен Қазақстан кубогі басталды

2026 жылғы 26 наурызда Түркістан қаласында қазақ күресінен Қазақстан кубогінің алғашқы жарыс күні өтті. Ел біріншілігіне еліміздің әр өңірінің 400-ге жуық балуаны 18 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде.

Аталған додада үздік атанған спортшылар алдағы Әлем кубогіне жолдама алып, халықаралық аренада ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.

Жарыстың алғашқы күнінің қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде Аида Күмісова күміс жүлдегер атанды. Ал ерлер арасында +100 кг салмақта Халхабаев Жасұлан қола медаль иеленді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button