Жаңалықтар

«Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінде қорытынды жиналыс өтті.

Бүгін «Толағай» жоғары спорт шеберлігі мектебінде қорытынды жиналыс өтті.
Өткен жыл жарқын және жеңіске толы болды.
Спорттық құттықтау іс-шарасына құрметті қонақтар шақырылды:

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конференциясының өкілі – Бақытбек Хамит.

Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры – Мұстафаев Садық Шоңмурынұлы.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының басшысы – Самат Серікқанұлы Ерғалиев.

Қалалық олимпиада резервін дайындау орталығының басшысы Нұр-сұлтан – Қабдулин Самат Амангелдіұлы. «Толағай» ЖСШМ басшысы Бағдат Болатұлы Данияровтың басшылығымен «Жылдың үздік спортшысы», «Үздік жаттықтырушы», «Спорттың Үздік түрі» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өтті.
Сонымен қатар кәсіподақ төрайымы Жантасова Анар Сәбитқызы кәсіподақ мүшелеріне арнайы төсбелгі мен құрмет граммоталарын табыстады.
Сөз соңында мектеп басшысы барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ осы жауапты жылы Токио-2020 олимпиадасына көбірек лицензия алу керектігін тілге тиек етті.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button