Жаңалықтар

ТЕННИСТЕН ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТ: ҚОС АСТАНАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

 

ТЕННИСТЕН ҚЫСҚЫ ЧЕМПИОНАТ: ҚОС АСТАНАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Елордалық «Дәулет» теннис орталығында Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы қысқы чемпионаты аяқталды.

Айтулы доданың финалдық ойындарын тамашалауға Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Алексеевич арнайы қатысып, елордалық спортшыларға жақсы ойын көрсетулеріне тілектестік білдіріп, сәттілік тіледі.

Әйелдер финалында тәжірибелі Түркістандық Гозаль Айнитдинова мен 16 жасар елордалық Альбина Какенова кездесті.

Екеу ара өткен бірінші сетте Гозаль 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партия ойында жеңіс жерлесіміз Альбинада қалды. Есеп 7:5. Осылайша тартысты өткен кездесу нәтижесінде елордалық Альбина Какенова күміс жүлдегер атанды.

Ерлер арасында өткен қысқы чемпионаттың қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Ілияс Маратұлы үздік үштіктер қатарынан көрінді. Нәтижесінде жерлесіміз қарсыласы Қарағандылық Виталий Зацепиннен 6:4, 6:3 есебімен басымырақ болып, қола медаль иегері атанды.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button