Жаңалықтар

Тайсон-Джонс кездесуінің уақыты өзгерді

Майк Тайсон мен Рой Джонс арасындағы кездесу қыркүйекте өтпейді. Жарысты ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдады. Рой Джонс  менеджері Жолт Барна осы жағдайға қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша қос мықтының дайындығына  қосымша уақыт қажет. Бұған қоса, аты аңызға айналған боксшылардың жекпе-жегін көптеген ел тікелей эфирде тамашалауы қажет. Бұл да техникалық тұрғыда біраз уақытты қажет етеді. Осыған байланысты бокс кеші алдағы қараша айына ауыстырылды. Айта кетейік, ардагер боксшылар 12-ші қыркүйекте өзара мықтыны анықтауы керек еді. Тіпті, 54 жастағы Тайсон қарсыласын нокаутқа жіберем деп мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Back to top button